Қазақ футболы қашан дамымақ ?!

Футбол. Футбол – әлемдегі бірнеше миллиондаған адамдарды рассалық, діни, саяси, коғамдағы рөлі не одан да басқа да көзқарастары мен ерекшеліктеріне қарамастан бір отбасыдай бір шаңырақ астына топтастыруға қауқары жететін № 1 спорт түрі. Әрине бұлай деуімізге көз алартып, сөз таластырғысы келетін басқа спорт түрлері жанкүйерлерінің де табылатыны сөзсіз. Алайда Сергей Эйзенштейннің өзі «Ешқандай фильм дәл осыншалықты футболдағыдай көрермен жинай алмайды» деген болса, біз бұл бір айтылған дәйек сөзбен ғана шектеліп қалмай, жаһандық спорт жанкүйерлерін дүр сілкіндірген АҚШтағы ұлттық лаборатория зерттеушілерінің соңғы ғасырдағы адам ойлап тапқан алданыш атаулының қалың жұртқа әсер етуін зерттей келіп, «жер бетіндегі адам баласын футболдай қызықтырып-еліртетін ештеңе жоқ» деген анықтамасымен қорытындылай кетіп футбол дегеннің бұл дүниедегі құдіреті мен орнын топшылап берейін дедік.

Дегенмен, Әлемді мойындатуға құлшына білек түріп кірісіп кеткен Қазақ елінде осы бір спорт түрінің патшасындай болған футболдың дамуына көз қиығын салып, назарын аударып, қадағалаушылардың жоқ болып отырған қай қазақтың болсада көңілін қынжылтатыны даусыз.

Соңғы үш-төрт жылда еуропалық аяқ доп додаларындағы айдаһардай алыптармен тереземіз тең ойын көрсетіп, Чемпиондар Лигасы мен Еуропа Лигасында араға жыл салмай топтық кезеңінде өнер көрсетіп жүрміз, осыдан-ақ футболымыздың дамығанын көрмейсіңбе дейтіндеріңізді сезіп отырмын.

Бірақ! Қазақ футболын сүйіп, жанкүйер болып көрген болсаңыздар онда бұл айдаһардай алыптардың біздің ұжымға тісін (өз алаңымызда) неге батыра алмай кеткенін жақсы білер едіңіздер…

Иә, біздің елдегі ішкі чемпионатымызда даму факторлары бар, алайда өте баяу. Оның өзінде ҚПЛ ойындары көпшілік жанкүйердің жанын жадырата алмайды-ау. Ал ұлттық құрамаға келер болсақ, ешқандай өсу, алға жылжу байқалмайтындай. Олай деуім ұлттық құрамамыздың ең ірі жеңілісі 2005 жылы Түркия мен өткен ойында орын алған болса(0:6), арада 11 жыл өткеннен кейін Дания құрамасынан (4:0) есебімен жеңіліп қалдық. Жеңілгеніміз былай тұрсын қарсылық танытуға шамамыздың жеткіліксіз екендігі жанымызға батты. 2002 жылы Стокгольмде өткен УЕФА конгресінде бекітіліп Еуропа футбол қауымдастықтары одағына қосылғанымызбен еш өзгеріс орын алған жоқ(Баяғы жартас — сол жартас).

Әлем Чемпионатына қатысуға бес рет бекініп көргенімізбен – бірде біреуінде квалификациядан аттап ары өте алмадық. Еуропа чемпионатының квалификация кезіңінде де жолымыздың бірде бір рет болмағанына таң қалатын шығарсыздар. Ол ол ма Азия Кубогының турниріне қатысуға 2 рет ишарат білдіргенімізбен оныңда іріктеу кезеңінен өте алмауымыз – ұлттың қанға сіңген мінезі өзгермейді дегенге дәлел болғандай.

Алдыңғы жылдары ғана еліміздің ең дарында деп танылған жастары, жүздеген миллиондаған қаражатты шығын етіп Бразилияға оқу-жаттығуға жіберілгендері естеріңізде шығар. Енді сол жастар қайда? Қазақ футболының тіреушілері осылар болады деп танылғанғандар қайда өнер көрсетіп жүр ? ешкім білмейді, білгісі де келмейтін болар! Олардың қайда жүргендерін айтып берейін сіздерге:
«Оле Бразилшілдер» жақында ғана Ресейде өткен «Гранаткин кубогында» турнирге қатысқан 18 команданың ішінде қарсыластар қақпасына мүлде гол сала алмай соңынан санағанда бірінші орынға ие болды. Бразилияға барып келген 50 баланың 15-і бірінші лигадағы «Бәйтерек» командасында өнер көрсетіп жүр. Ол жақтада 11 ойынның бәрінде жеңіліп 33 гол жіберіп алған Бәйтерек чемпионаттың ең соңында жүр екен. Масқара емеспе! «Мен жастарға сенемін» деп сенім артып жүргендеріміз осы болса – әлі ғасырға жуық уақыт әлем чемпионатына бара алмаспыз!

Футболымыздың күйі тілімізбен ұқсас болды! Құрамамызда ұлттық сипаты бар, намысқа тырысып жүргендер бірең сараң. Стадиондардың да жағдайы мәз емес. Кей газондарда футбол ойнау емес, жаяу жүрудің өзі әбігерлікке салады. Қазақ футболын көтеру үшін – қазақ бапкер керек деп жар салдық! Таңдаған қазағымыз – «жеңілістің бәріне өзім кінәлімін дегеннен басқа сөз айтпай» футбол додаларында масқарамыз шығып қара бет болып жаттық. Соңғы ұлттық құрама ойындарынан кейін өзге елдер ҚАЗАҚты «футболшыларындай» – енжар, қорқақ, қопал, әлсіз деп тануда! Осындай ұлан байтақ мемлекетте «Қазақ футболшылары» деп елімізді әлемге танытатын аяқ допшылардың табылмағаны ма сонда?! Ұятта болса мойындау керек шығар ойыншыларымыз сырт алаңда, өзге ұлттардың көзінше әбігерлікке салынып алдында тұрған добынан жас баладай айырылып қалуға құмар-ақ. Осыдан кейін «Біздің футболшылар шетелдіктерді әлдеқашан қуып жеткен: дәл солардай бесжұлдызды мейманханада жатады, қымбат клубтар мен мейрамханаларға барады, бірнеше мың долларлап табыс табады… енді тек доп тебу жағынан қуып жету ғана қалды» деген Амангелді ағамыздың сөзімен келіспеуден басқаға шама-шарқымыз қалмаған сияқты.

Осыларға қарамастан ұлттық құрама ойынынан жүйелі шабуылдар легін көріп, лайықты бағасын беретін жанкүйерлерде табылып жатады. Мен де осы Қазақ елінің нағыз патриоты ретінде сүйікті ұлттық құрамамның ойындарында жаңа серпіліс пайда болып шарықтайтынына кәміл сенемін. Ол күндер алыстау болғаны мен күтеміз, басқа шара барма!

«Қазақтың оң жамбасына келетіні – бокс, күрес және басқа да жекпе-жектер, футбол секілді командалық спорт түрлеріне біздің халықтың бейімі жоқ» деген пікірдің өзі миллиондап қаражат бөлініп жатқаннан кейін қазақ футболшыларының солғын тартқан ойынын ақтап бере алмас-ау шамасы…

Футболымыздың дамымай жатқанына сылтау етіп: «ақша жоқ, футбол – қазақтікі емес, шетелден атақты бапкерлер шақырмаса болмайды» дегенімізше, кемшілікті іштен іздеп елдегі футбол шаруашылығына бастан-аяқ тексеру жүргізіп, жөнге салғанымыз пайдалы болар.

comments powered by HyperComments
Tuesday
2017-04-07 16:30:31
I was really confused, and this answered all my qutsnioes.