Әлемнің футбол жанкүйерлерін екіге бөлетін Эл-класико бұл жолы қалай аяқталмақ.

Ла Лига турнирінің 14-кезеңі. 03.12.2016ж 21:15 (Астана уақытымен)

Еуропаның жүлдеге де тарихқа да бай, белді командалары Реал мен Барселона арасындағы тартыс. Сан жылдар бойы ешкімге дес бермей келе жатқан супержұлдыздар К.Роналду мен Л.Месси арасындағы индивидуалдық дуэль. Барша футбол сүйер қауымды бұрын өздерінің ойынымен тамсандырған болса, қазір футбол грандтарын алға жетелеп, жасыл алаңдағы ойынды көзімен көріп қана қоймай жан-тәнімен сезініп, басқара білетін З.Зидан мен Л.Энрике арасындағы тактикалық жекпе-жек. Аталмыш Эл-класико ойынанда бақ сынауға лайықты деп танылған 22 аяқ доп шеберлерінің арасындағы арпалыс. Сондай-ақ миллиондаған жанкүйерлер арасындағы бәстесу. Міне осының барлығы жинақталып бір ғана Эл-класико сөзімен белгіленеді. Олай болатын болса осындай тартысқа толы өтетін ойынды назардан тыс қалдырғанымыз әбестік болар.

Корольдік Клуб пен Каталондықтардың арасында өткен ойындардың өзі қазіргі таңда тарихқа айналып үлгергендей. Олай деуімізге себеп болатын мына жағдайлар:
Қос ұжым осы күнге дейін өзара 203 ойын өткізіп, бір-бірінің қақпасына 652 гол салып үлгерген. Бұл дегеніңіз әр ойын сайын жанкүйерлерін жоқ дегенде 2 голмен қарық қылғандары емеспе. Екеу ара өткізілген қызықты кездесудегі ең ірі жеңіс Мадридтіктердің еншісінде болса (2:8), Каталониялықтарда олардан қалыс қалғысы жоқтай (7:2) есебін тіркеп қойыпты. Ал ең нәтижелі болған тең ойын (5:5) есебімен аяқталған. Барселона мен Реал арасындағы соңғы бес ойынның нәтижесіне үңілетін болсақ тең есеп мүлде тіркелмепті:
Барселона 1–2 Реал Мадрид, Реал Мадрид 0–4 Барселона, Барселона 2–1 Реал Мадрид, Реал Мадрид 3–1 Барселона, Барселона 1–2 Реал Мадрид.

Алдымыздағы сенбі күні болатын ойынға келетін болсақ, қай кездегідей көрермендеріне нағыз футбол атмосферасын сыйлайтын ойын болуға уәде беріп тұрғандай. Ла Лиганың 13 ойынынан кейін З.Зидан басшылыққа алып, баптап отырған ұжымы Католондықтарды артына тастап 6 ұпай артық жинап алды. Егер осы қарқынынан таймай Блаугранастардың алаңында өтетін ойында алаң иелерінен басым түсетін болса, чемпиондыққа үміткер басты қарсыласынан тағыда бір табан алыстап, турнирлік кестедегі орынын нақтылай түсер еді. Бірақ қай кездеді жүлделі орындарды қанағат тұтпай, тек алтынды ғана аңсап жүретін Л.Энрике қосыны бұл ойлағандарына оңай жол беріп қойсынба!

Ең үздік ойыншылармен жасақталған қос команда сапындағы футболшыларда, бүгінгі ойын нәтижесі тарих бетінде қалатынын білгенсоң, тарихқа өз есімдерін үлкен әріппен жазуға тырысып жасыл алаңның әр-бір метрі үшін соңғы демдері қалғанша жанталасатыны анық.

Католондық Барселонаның соңғы кездері өзінің тұрақсыз ойынымен көзге түсіп жүргенін жасыра алмаспыз. Соңғы өткізілген бес ойынның біреуі жеңіс, екеуі жеңіліс қалған екі ойынның тең аяқталғандығын ескеріп, астаналықтарға қарсы өткізілетін ойында ешқандай мүмкіндіктері бола қоймас деп отырғанымызбен букмекерлік кеңселер бұл ұжымнан әлі үмітін үзбеген сыңайлы. Алаң иелерінің жеңіске жетуіне 1,85 коэффициент ұсынған болса, тең ойын көрсетеді дегенге 4,15, ал қонақ команданы жеңіске лайықсыз деп тауып 4,01 беріп отыр. Иә, шынында да МСН триосын екі-үш ойындағы нәтижелеріне қарап бағалауымыз дұрыс болмайтын шығар, алайда Мадридтік дербиде аңызға айналып үлгерген Д.Симеоне қорғаушыларын сан соқтырып, жауапсыз үш гол салған Корольдік клубтың қарқынын да ескергеніміз жөн болар.

Өзім басым З.Зидан сыңды алып тұлға басқарып отырған ұжым, мұндай чемпиондыққа жақындай түсетін, күнде кездесе бермейтін мүмкіндікті пайдаланбай қалады дегенге сенбеймін. Менің ойымша Мадридтіктер бұл тартыста жеңілмейді. Барселоналықтар треблден кейінгі кризис тұсында бір ұпай алып қалғанның өзін ерлікке теңесе болатындай.
Турнирлік кестедегі командалардың орналасу ретін анықтайтын ойында, бар күш сарсаңын аямай жұмсайтын супержұлдыздардың тайталасуын жіберіп алмаңыздар.

comments powered by HyperComments