Ақырғы айқас?

19-шы қарашаның -19˚С аязында алматының “Қайраты” ҚРнің кубогінің аясында финалдық ойынды елордалық “Астанаға” қарсы өткізеді. Бұл ойын Қазақстан футболының 2016 жылғы соңғы кездесуі, яғни ақырғы айқас болмақ. Бірақ, осы ойын күнінде екі клубтың жеке тайталасынан да жоғары, дәрежесі биік тұратын бір жайт орын алуы ықтимал. Ал ойын болса Астана уақытымен 15-00-де Алматының “Орталық Стадионында” бастауын табады.

Жоғарыда атап өткен, финалдан да биік қойылуы мүмкін деген оқиғаға толығырақ тоқтала өтсек. Әлем футболында із қалдырған, Қазақстанда ғана емес Украина, Ресей, Германия клубтарында өнер көрсетіп, Чемпиондар Лигасының “құлақты” жүлдесін басына көтерген Анатолий Тимощук өзінің футболдық мансабындағы соңғы ойынын өткізуі мүмкін. Егер, ертеңгі финалды жыл сайын орын алатын финалдардың бірі деп санасақ, әлемдік деңгейде өзіндік орыны бар футболшы қазақ даласында доп теуіп, өзінің соңғы ойынын күнде өткізе бермейді. Сондықтан да ертеңгі ойынның басқа финалдармен салыстырғанда бәсі биік болуы ғажап емес, жуырда ғана өз елінің ұлттық құрамасындағы кәсібін аяқтаған Қазақстан футболының жарық жұлдызының соңғы ойыны басқа ойындардан биік бағаланары анық, әрі өзінің футболдық ғұмырындағы соңғы жүлдені иеленуі мүмкіндігі де бұл ойынға деген көрермен қызуғышылығын арттырары сөзсіз.

Ойын туралы

Жақында ғана -12˚С температурада Томск қаласында Ресей Премьер-Лигасының “Томь”-“Спартак” Москва матчы өткен болатын. Ойыннан кейін көп мамандар мұндай температурада аяқдопты ойнауды қолайсыз деп атап, мұндай жайттарды футболды “өлтіру”  деп танитындарын білдірген. Ал Алматы қаласының ертеңгі ауа-райы болжамына сенсек: ойын 18 немесе 19˚С 0-ден төмен температурада өтуі мүмкін, ал мұндай жағдай комбинациялық емес, күш футболына жол ашатыны сөзсіз.

Екі команда да осы ойынға сақадай сай келеді. Бірінен соң бірі жарақат алып, чемпионат соңына қарай сапы азайған елордалық команда ел кубогінің финалына қарай өзінің басты футболшыларының барлығын дерлік аяққа тұрғызып алды. ҚПЛ үздік қорғаныс иелері өздерінің қорғанысы мен алаң ортасындағы мәселелеріне толық жауап тапты десе де болады. Ал “Қайрат” сапында бір айын бұрын ертеңгі қарсыласқа қарсы ойында жарақат алған ПЛ-ның ең биік ойыншысы Ж. Маркович сапқа қайта оралды.

Астана

Алдымен ойынның номиналды қонақтарына тоқталайық. Елордалықтар соңғы жылдардаға сөзсіз Қазақстанның үздік командасы. Қазақстан премьер-лигасының 3 дүркін чемпионы, соңғы 3 жыл бойы өз қарсыластарына чемпиондық атақты ұстатпай келеді, сонымен қатар 2 жыл қатарынан евроалаңда қазақ футболының намысын қорғауда. Былтырғы жылы асығы алшысынан түсіп, қазақ футболы тарихында алғаш рет кәрі құрлықтың ең үздік турнирінің финалдық кезеңіне өтсе, биыл мәртебесі жағынан екінші болып табылатын Европа Лигасының топтық кезеңіде өнер көрсетуде. Негізінен осы жемісті жұмыстың көпшілігі бапкер арқасында десе болады. Астаналықтардың бас бапкерін осал деп атау қиын, Ресей клубтары қызығушылық танытып жүрген Станимир Стойлов өзінің қандай мықты тренер екенін 2  маусым қатарынан дәлелдеуде. Артқы шептегі тәртіпті ойынды ұстанатын Стойлов командасы бекерден бекер Қазақстан чемпионатында ең аз доп өткізген команда атағын алып отырған жоқ. Команданың әрбір механизміне жеке тоқаталып, ертеңгі ойында алаңнаң бой көрсетеді деген ойыншыларды болжай кетсек. Қақпада сөзсіз Н. Эрич орын алары анық, чемпионатымыздағы ең үздік қақпашылардың бірі осы маусымда да өзінің команда үшін маңызды ойыншы екенін көрсете білді. Бірақ бір айта кетері “Қайратқа” қарсы соңғы 2 ойында қақпасынан бақандай 6 доп алып шықты. Қорғанысты солдан оңға қарай өтсек: Стойлов ертең болар ойынға, басқа да азулы қарсыластарға қарсы таңдайтын 5 қорғаушылы сызбасын қолдануы ғажап емес. Осы схема бойынша сол қанат Б. Исламханмен қатар Қазақстанның ең қымбат ойыншысы Д. Шомкоға бұйырмақ. Ал ортаңғы шепте Қазақстандық паспорты бар үздік орталық қорғаушы Ю. Логвиненкомен, қазақстандық “Пепе” М. Аничич және жазда ғана “Ертістен” ауысқан С. Малый орын тебуі  мүмкін. Бірақ беларусьтық легионер Шитовтың соңғы ойындарда ортада өнер көрсетіп жүргенін ескерсек, орын осы ойыншыға да бұйыруы мүмкін. Ал оң қанат А. Бейсебековке немесе баяғы сол И. Шитовтың қоржынына тиюі ғажап емес. Алаң ортасында Р. Каньяс пен әлем чемпионы Н. Маскимович жұбы өнер көрсететіні айдан анық, себебі осы сәтте “Астана” сапында мұндай деңгейдегі ойыншылар жоқ десе де болады. Оң қанат чемпионатымыздағы үздік жылдамдық иесі П. Твумасиге бұйырса, сол қанат Мұжықов немесе Кабанангага тиюі де ықтимал. Ал шабуыл өтінде “Қайраттың” бұрынғы ойыншысы Д.Деспотович өнер көрсетуі мүмкін. Бірақ С. Стойловтың шабуыл өтінде рокировкала жасауға мүмкіндігі бар, себебі команда капитаны Т. Нөсербаев пен өз мансабындағы үздік ойын өрнегін көрсетіп жүрген А. Нұрғалиевте ойнауға сақадай сай.

Қайрат

Алматылық “күміс хандары” ертеңгі ойын барысынада өздерінің 8-ші кубогін ұтып алу мүмкіндігіне ие болып отыр. Астаналықтар әлі жете алмаған халық командасының бірден бір жетістігі осы, және жуық арада “Қайраттықтардың” бұл рекордына қол сұғулары екіталай. Алматылық команда бюджеті мен ауқаты жағынан “Астанадан” кем түспейтін клуб болса да, соңғы жылдарда өздерінің көздеген мақсаттарын орындай алмай екінші орынды екінші жыл қатарынан қанағат тұтып отыр. Алматылық “Қайратты” соңғы 3 жыл бойы өрге сүйреген В. Вайсс қызметінен кетіп, қазіргі сәтте “күміс хандарын” грузин маманы К. Цхададзе басқарып отыр. Бапкерлер дуэліне тоқталсақ, осы жылы Стойловқа қарсы өткізген 4 партиясының 3-де “мат” қойған К. Цхададзе, қу болып саналатын “астаналық” бапкерден айласын асырып кетті. Бірақ “халық командасының” бас бапкері өзінің 2 қарсыласынан жеңіліс тапты, бірі оны еврокубокқа жолын тоқтатса, екіншісі чемпиондық атаққа деген үмітін үзді. Шынымен де “Ордабасымен” болған ойындар көптен армандаған тәжден айырған болатын. Енді алматылықтардың ертеңгі ойынға таңдайтын құрамына тоқталайық. Бұл жолы кімнің алаңнан орын алары елордылақтардан гөрі анығырақ. Қақпаны ұлттық құраманың негізгі ойыншы С. Покатилов қорғайды. Ал қорғаныста келесі 4 ойыншы орын тебуі ықтимал: сол қанатта соңғы 2 ойында алыстан шірене теуіп 2 әдемі гол авторы атанған Ғ. Сүйімбаев, ал ортада Ж. Маркович және С. Арзо, оң қанатта 2 негізгі оң қорғаушылардың жарақатын ескерсек И. Қуат шығуы ғажап емес. Тірек жартылай қорғаушылар міндетін М. Бакаев пен “құлақты” жүлденің иесі, “Қайрат” үшін соңғы ресми ойынын өткізетін А. Тимощук атқармақ. Шабуыл өтіндегі ойыншыға сол қапталда кезінде Лондонның “Арсеналында” жасындай жарқылдаған Андрей “басқырғыш” Аршавин, ортада ПЛ-ның үздік ассистенті Б. Исламхан, оң қапталда И. Барбоза көмектеседі. Ал шабуыл өтінде ПЛ-ның үздік бомбардирі, нағыз сұрмерген Ж. Гоу орын алады. Айта кетейік бұл ойын Ж. Гоу үшінде соңғы болуы мүмкін, себебі Тель-Авивтің “Маккабиі” бұл шабуылшы үшін 4,5миллион доллар қаржыны төлеуге дайын деген де сыбыс бар.

Статистика

Кубоктің ойындарын салыстырсақ, командалар 2 рет бір біріне қарсы ойын өткізіп, 2 жағдайда да алматылықтар жеңімпаз болып шыққан. Бірақ кез келген нәрсе бір күні алғаш рет болуы тиіс. Сол алғашқы жеңіс ертең орын алады ма, әлде “Қайраттықтар” кубоктағы рекордтық сериясын жалғастырады ма? Осы сұрақтарға ертең жауап ала аламыз.

comments powered by HyperComments
Kamren
2017-04-07 16:19:28
I saw Chicago years ago at The Greek in Hollywood. It was a great concert. I am old enough to remember their original name (Chicago Transit Auytroith)! It should be fun.Thanks for the links, I am in good company.