«Атырау» — «Алтай»

Кубок ойындарының бірінші кезеңі аяқталып,екінші 1/8 финал ойындарына аяқ басуға аз күндер қалды.
Осы 1/8 ойындарының кезекті кездесулерінің бірі «Атырау» — «Алтай» ойыны болып табылады.
Кубоктық ойынды бірінші кезеңнен бастаған шығыстықтар,топтан өте сəтті шықты,3 командалық топтық бəсекеде,»Каспий» жəне «Екібастұз» командаларын артқа тастап топтан өте жақсы көрсеткішпен шыққан болатын.

Алтай командасы қысқы трансфер кезінде,өте жақсы ойыншылармен келісімге келген болатын олар:бұрынғы «Ертіс» командасының негізгі қақпашысы Вячеслав Котляр,қорғаушылар:болгариялық Пламен Димов жəне Ресей құрамасының Евро 2008 ойындарының жұлдызы,өзінің жойқын соққысымен танымал ойыншы Денис Колодинмен толықты,жартылай қорғаушылар:қазақстанның белді ойыншысы Андрей Карповичпен толықтырылған.
Алайда қазіргі «Алтай» командасының бірінші лигадағы жағдайы өте сүреңсіз,команда 3 турдан кейін соңғы келеді.Алайда айта кету керек,бұрынғы «Восток» командасының легионерлері Джордже Мрджанин Саша Добрич ке көп уақыттар бойы жалақыларын бермегені үшін клубтан 9 ұпай алып тастаған болатын.

Ал,алаң қожайындары «Атырау» командасының жағдайы соңғы екі турда жақсы қалыпқа келді,өйткені соңғы өткізілген екі турда клуб 4 ұпай жинап үлгерді.
«Атырау» командасы соңғы турда «Тараз» командасына қонақтап,0-0 есебімен тең түсіп бір ұпай олжалап қайтқан болатын.
Клуб «Алтай» командасын өзінің негізгі алаңы,орталық алаң «Мұнайшы» да қабылдайды.

Атырау түлектері өз командасына қарсы…
Бұл ойыншылар қысқы трансферлік ауысым кезінде «Алтай» командасын толтырған ойыншылар жайлы,олар қорғаушы Жақсылық Халелов пен жартылай қорғаушы Бауыржан Қасымов.

«Атырау» — «Алтай» ойыны сəуірдің 27 сіне,сағат астана уақытымен 16:00 ге белгіленген.
Ойын «Мұнайшы» алаңында өтеді.

АВТОР: АРДАҚ БАЗАРБАЕВ

comments powered by HyperComments