Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінен сүрінбей өтіп, 1/8 финалда өнер көрсетуге лайықты екендерін дәлелдеген Еуропаның биылғы жылғы саңлақтары өз жұптарын анықтады.

Иә, Чемпиондар Лигасындай додалы бәйгеде өнер көрсету Еуропаның кез-келген клубтарының, ойыншылары мен бапкерлерінің сонымен қатар жанкүйерленің арманы екені айтпасада түсініктідей. Биылғы жылы көптеген қиындықтар мен ауыртпалықтардан сүрінбей өтіп, өздерінің Еуропа құрлығындағы айтулы футбол мерекесін жалғастыруға қауқарлы екендерін көрсетіп, топтық кезеңде алдына жан салмай шыққан командалар бүгін Швейцарияның Ньон қаласында өздерінің 1/8 финалда кездесетін қарсыластарын айқындап алды:

Жеңімпаздар тобында: Арсенал, Атлетико Мадрид, Барселона, Боруссия Дортмунд, Лестер, Монако, Наполи, Ювентус

Екінші орынмен шыққандар: Байер, Бавария, Бенфика, Манчестер сити, ПСЖ, Порту, Реал Мадрид, Севилья

Барлығы Испаниядан — 4, Англиядан — 3, Германиядан – 3, Италиядан – 2, Португалиядан – 2 және Франция чемпионатынан – 2 ұжым 1/8 финал жолдамасына ие болған еді

Бүгінгі кешке арнайы қонақ ретінде шақырылған Рууд Гуллит жеребе тарту рәсімінде көмектесетін болып сахна төріне шықты.

Бірінші жұп: Манчестер Сити (Англия) – Монако (Франция)
Реал (Испания) – Наполи (Италия)
Бенфика (Португалия) – Боруссия Д (Германия)
Бавария (Германия) – Арсенал (Англия)
Порту (Португалия) – Ювентус (Италия)
Байер (Германия) – Атлетико М (Испания)
ПСЖ (Франция) – Барселона (Испания)
Севилья (Испания) – Лестер (Англия)

1/8 финалдың алғашқы ойындары 14/15 және 21/22 ақпан күндері өтетін болса, жауапты ойындары 7/8 және 14/15 наурыз күндері орын алатын болып белгіленді.

Сонымен қатар естеріңізге сала кетер болсақ Чемпиондар Лигасының Финалы 3 маусым күні Уэльстің «Кардифф» қаласында өтетін болады.

comments powered by HyperComments