УЕФА Ньон қаласында Еуропа Лигасының 1/16 финалына арналған жеребесін өткізді.

Чемпиондар Лигасының жеребе тарту рәсімі біткеннен кейін футбол жанкүйерлерін көп күттіріп әуре-сарсаңға салмай Еуропа Лигасында өнер көрсететін 32 ұжымда қақ бөлініп жұптасып алды.

Жақында ғана өзгеріске ұшыраған УЕФА-ның «Жеребе тарту кезіндегі ережелері» тікелей эфирде көрермендерге таныстырылды. Сонымен қатар Еуропа Лигасының топтық кезеңінде бір топта өнер көрсеткен және бір мемлекеттің чемпионатынан қатысып отырған клубтар 1/16 финал тұсында өзара қарсылас атанбайтын болып шешілді. Және де Украиналықтар мен Ресейлік ұжымдарда әзірше өзара кездеспейтін болып бөлек алынды.

1/16 финалда өнер көрсететін жұптар:

1. Атлетик Б — АПОЭЛ
2. Легия — Аякс
3. Андерлехт — Зенит
4. Астра — Генк
5. Манчестер Юнайтед — Сент-Этьен
6. Вильярреал — Рома
7. Лудогорец — Копенгаген
8. Сельта — Шахтер
9. Олимпиакос — Османлиспор
10. Гент — Тоттенхэм
11. Ростов — Спарта
12. Краснодар — Фенербахче
13. Боруссия М — Фиорентина
14. АЗ Алкмаар — Лион
15. Хапоэль БШ — Бешикташ
16. ПАОК — «Шальке»

Алғашқы ойындар 16 ақпан күні орын алса, жауапты ойындар 23 ақпанда өтетін болады.

Еуропа Лигасының финалы 2017 жылдың 24 мамырында Швецияның Стокгольміндегі «Френдс аренада» орын алады.

comments powered by HyperComments